Елімізде 600-ден аса кәсіпорын жұмысшыларына 4,4 млрд теңге қарыз

Автор: Azattyq Rýhy

Еңбекақысын даулап жүргендер бүгінде 18 мыңнан асады

Фото ашық дереккөзден

Еліміздегі 600-ден аса кәсіпорын жұмысшыларына 4 млрд 400 млн теңге қарыз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Олар қызметкерлеріне жалақысын уақытында қайтармай қойған. Еңбекақысын даулап жүргендер бүгінде 18 мыңнан асады. Мұндай кәсіпорындарға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 87 млн теңге көлемінде айыппұл салды.

Сонымен бірге жұмысшылардың айлығын белгілі бір мерзімде қайтару туралы шарт қойды. Нәтижесінде 15 мыңнан аса азамат 4 млрд теңгесін қайтарып алған.