Елімізде тұрғын үй кезегіне қай өңірде көп тұрғын тіркелгені белгілі болды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары басқармасы басшысы Сұлтанғали Жалқұл айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«20 өңірдің ішінде тұрғын үйге кезекке тұрғандардың саны ең көп тіркелген өңірлер қатарын Шымкент қаласы көш бастап тұр. Кезектегі тұрғандар саны – 50 506 адам. Екінші орында – Түркістан облысы. Үшінші орында – Астана қаласы. Елордада 46 мың адам кезекте тұр», - деп айтты ол.
Сонымен қатар Алматы қаласында 41 366 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Ал Жамбыл облысында 39 961 адам кезегін күтіп отыр.