«Қаржылай қолдау керек»: Балқаштағы туризмді дамыту үшін кәсіпкерлер Үкіметтен көмек сұрап отыр
Сондай-ақ олар қолданыстағы талаптарды өзгертуді сұрайды
Балқаш көлі жағалауында туризмді дамытып жүрген кәсіпкерлер Үкіметке кәріз инженерлік желілерін әкімдіктің балансына өтеусіз негізде қабылдауға жәрдем көрсету туралы өтінішпен жүгінді. Кәріз жүйесі құрылысына кәсіпкерлер 175 млн теңгеге жуық қаражат салған. Алайда кәсіпкерер демалыс базаларын жақсартуға неліктен асығар емес. Мұны олар ұзындығы 3,5 шақырым кәріз инженерлік желісінің 9 жыл бойы заңдастырылмай келе жатқандығымен байланыстырады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Атамекен» ҰКП-ға сілтеме жасап.
Демалыс базасының өкілі Юрий Огайдың сөзінше, бұл мәселені шешу үшін мемлекет тарапынан қаржылай көмек керек.
«Барлық демалыс базалар және жағалау үшін технологиялық тұрғыдан қолайлы кәріз желісінің құрылысына кәсіпкерлер шамамен 175 млн теңге салды. Бірақ кәріз желісі су қорғау белдеуінде болғандықтан, оны «Балқаш Су» КМК балансқа қабылдамай жатыр. Бұл мәселеде көптеген кедергі бар. Сондай-ақ, курорттық жағалаудағы әр демалыс базасы үшін 400 кВт-қа дейін тұрақты электрмен жабдықтау және жағалау сызығын жарықтандыру қажет. Туризмнің дамуы үшін жағалауда ыңғайлы инфрақұрылымның болғаны керек. Қазіргі кезде біз жағалаудағы туристердің тамақтануы үшін қолайлы жағдай жасай алмай отырмыз. Өйткені су қорғау белдеуінің шекаралары тамақтану аймағынан кем дегенде 150 метр қашықта болуы керек. Демалушылар шөлін қандыру немесе балаға қандай да бір тамақ сатып алу үшін көлден ең жақын кафелерге, барларға, мейрамханаларға кем дегенде 200-300 метрге дейін «серуендеуі» керек», - дейді кәсіпкер.
Юрий Огай қолданыстағы стандарттар туристер үшін қолайсыз екенін алға тартып, Үкімет тиісті өзгретулер енгізсе бұл мәселе де ретке келетінін айтты.
«Демалушыларға ыңғайлы болсын деп біз суға жықынырақ уақытша шатыр немесе шалаш қоя аламыз. Сондықтан егер Үкімет деңгейінде су қорғау белдеуінің шекараларын қолданыстағы 150 м орнына 25-35 м-ге дейін қысқартса,, онда қолда бар бизнесті одан әрі кеңейту және жаңа демалыс базалары мен инфрақұрылым салу үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болар еді. Бұл стандарттар ондаған жыл бұрын енгізілген. Онда дауыл толқыны, су тасқыны және су төгілуін ескере отырып, жағалау сызығының ұзындығы есептелген кезде салынған. Бірақ бұл Балқашқа қатысты емес. Су жағасы тыныш, кем дегенде 30 жыл болды жағалау сызығы өзгерген жоқ», - дейді ол.
Кәсіпкер аталған проблемалар шешілесе, туристік ағын 5 есеге артатынына сенімді, оған сәйкес мыңдаған жұмыс орын ашылады. Сондай-ақ, Балқаштағы тағы бір мәселе өндіріс ошағымен байланысты.
«Туристік жағалаудың жанында, 2 шақырым қашықтықта мыс балқыту зауыты мен ЖЭО бар. Балқаш аймағында қара топырақ жоқ, ал аумақтарды көгалдандыру үшін біз шөптерді, гүлдерді, ағаштарды – үйеңкі мен қарағайларды өсіретін көгалдар жасаймыз. Бірақ, өкінішке қарай, өсімдіктердің 20-40%-ы тамыр алмайды және жыл сайын күкірт газы мен күл шаңының шығарындыларынан қурап кетеді. Бұрын Балқашта тіпті ботаникалық бақ та болған. Ол үшін бизнес пен ғылымның тығыз байланысын орнату керек. Сондықтан селективті селекциялық жолмен жергілікті табиғатқа және экологиялық ахуалға төзімді өсімдіктердің түрі керек. Оны да АШМ қатысуымен іске асыруға әбден болады. Бизнес өз күшімен ғана бұл мәселелерді шеше алмайды. Біз өз қаражатымызға жеке тәлімбақтардан өсімдіктерді сатып аламыз, эксперимент жасаймыз, тіпті могнолия өсіргіміз келген. Бірақ көбі өліп кетеді», - дейді Огай.
Сондай-ақ, ол басқа елдердің тәжірибесі бойынша жағалау мен жағажайлардың сапасын жақсартуға болатынын атап өтті.
«Балқаштың табиғи жағажай аймағы жартасты, бұл қиыршық тастар. Жазғы демалыс маусымы өте қысқа. Біз инвестициялауға дайынбыз, бірақ бизнес үшін жағажай түбін тастардан тазартуға және жағажай аймағын Балқаш жағалауындағы басқа жабайы жағажайлардан әкелуге болатын құммен тазартуға арналған дренажды сатып алу керек. Бұрын «Қазақмыс» корпорациясында жер снаряды болған, бірақ ол бұзылып, жөндеуге мүмкіндік жоқ. Біз «Қазақмыс» корпорациясымен мемлекет арқылы жер снарядын жеке сатып алу мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргіздік. Бірақ әзірге бұл тек келіссөздер деңгейінде қалып отыр.
Сонымен қатар, Алматы-Қарағанды автожолы салынып бітпей, туристерге Балқаш көліне өз көлігімен жету қиын. Әрине, бізге шағын ұшақтар ұшып келеді, бірақ олардың саны аз. Сондай-ақ, Алматы-Балқаш-Астана бағыты бойынша темір жол көлігінің тікелей рейстерін ұлғайту және Алматы мен Астанадан Балқаш қаласына тікелей темір жол рейстерін іске қосу туристердің ішкі туризмді, атап айтқанда Балқаш көлін таңдауына ықпал етеді», - деп қорытындылады ойын Юрий Огай.