Жамбыл облысындағы өрт оқшауланды

Автор: Azattyq Rýhy

Әлі де өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр

Жамбыл облысындағы өрттен елді мекендерге қауіп және зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жұмылдырылған ТЖМ бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарының бірлескен әрекетінің арқасында Жамбыл облысының таулы аймағындағы құрғақ шөп өрті бүгін сағат 13.50-де оқшауланды», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Еске салсақ, сөндіру жұмыстары басталғалы Казавиаорманкүзетінің авиациясы өрт ошақтарына әуеден 18 рет 27-ге жуық тонна су төкті. Қазавиаорманкүзеті авиациясымен қатар, өртті сөндіруге ТЖМ тікұшағы да жұмылдырылды.