«Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушыларының бірі көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 75 жаста болған

75 жасында «Дос-Мұқасан» ансамблін құрушылардың бірі Александр Литвинов өмірден өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін түнде 75 жасында Литвинов Александр Михайлович өмірден өтті. Ол біздің ансамбльдің құрушылардың бірі, барабаншы болды. «Дос-Мұқасан» ансамблі марқұмның туыстары мен жақындарына, балаларына қайғыра отырып, көңіл айтады. Ол біздің жүрегімізде ең шынайы, мейірімді, адал, жауапты және жарқын адам ретінде қалады. Топырағы торқа болсын», - делінеді ансамбльдің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.