$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.08.2023, 09:47
Қоғам

Жетісу облысында кәсіпкерлерден заңсыз салық алынған - Бас прокуратура

МКД 16 салық төлеушіге салық төлемдерінің сомасын қайтарып берді

Жетісу облысында кәсіпкерлерден заңсыз салық алынған - Бас прокуратура
Фото: ашық дереккөзден

Жетісу облысының прокуратурасы жүргізген талдау аясында бюджетке 34 млн теңгеден астам сомаға қате төленген салықтар Кәсіпкерлерге қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап) қоршаған ортаға ең аз теріс әсер ететін кәсіпорындар (IV санаттағы операторлар) салық төлеуден босатылды.

Алайда IV санаттағы операторларға жататын 90 кәсіпкер жоғарыда аталған салықтарды төлеуді жалғастырған.

«Прокуратура актісі бойынша облыстың мемлекеттік кірістер Департаменті 16 салық төлеушіге 1,6 млн теңге сомасында төленген салық төлемдерінің сомасын қайтарып берді, қалған 74 кәсіпкер бойынша сомалар міндетті салықтардың басқа түрлеріне есептелді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары