03.08.2023, 16:40
Қоғам
Абай облысында балалардың құқығы бұзылған
Алимент төлемеген 2 борышкер сотталған
Абай облысы Бородулиха ауданының прокуратурасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, Бала орталығында тәрбиеленіп жатқан жеткіншектердің құқықтарының қорғалуына талдау жүргізді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Қамқоршының тарапынан (Бала орталығы) алимент төлемдерін өндіру бойынша шараларды қабылдамау фактілері анықталды.
Барлығы 30 млн теңгені құрайтын алимент төлемеудің 14 фактісі анықталып, оның 5 фактісі бойынша прокуратураның бастамасымен ҚР ҚК-нің 139 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бүгінгі күні 2 борышкер сотталды.
Бұл жұмыс оң нәтиже беріп келеді. Қазіргі кезде 1 млн. теңгеден астам алименттік берешек өтелді.
Қадағалау актісі негізінде Бала орталығының басшылығы жауапкершілікке тартылды.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді