Мұны тұрғындар байқап жатыр
Алып шаһарда төтенше жағдайдың жарияланып, карантин енгізілуіне байланысты алғаш рет көлік саны айтарлықтай төмендеді. Осылайша Алматы қаласында атмосфералық ауаның негізгі ластану көзін анықтауға мүмкіндік туды, деп хабарлайды Экология министрлігі.
ЖЭО-ның қаладағы ауа сапасына қаншалықты әсер ететінін және көлік көп жүретін көше қиылыстарындағы ауаның ластануын анықтау мақсатында, Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің тапсырмасымен «Қазгидромет» РМК 20 наурыздан бастап карантин аяқталғанша және ол аяқталғаннан кейін бір ай бойы белгілі бір нүктелерде ауадағы ластаушы заттарды өлшейтін болады. Олар:
«- Саяхат автовокзалы ауданында;
- Тастақ базарының ауданында;
- ЖЭО-2 санитарлық-қорғау аймағының шекарасында» , делінген хабарламада.
Талдау синоптикалық жағдайды ескере отырып жүргізіледі, сондай-ақ жоспардан тыс өлшемдерден басқа, ауаның ластануын бақылау бекеттерінің деректері қолданылатын болады.