Жансақтау бөлімшесіндегі балалардың жағдайы тұрақты
Қарағандыда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған балалардың екеуі ауруханадан шығарылуға дайын. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azatttyq Ruhy ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгін, 3 тамызда екі баланы үйлеріне шығару жоспарланып отыр.
«Стационарлық емдеудегі, оның ішінде жансақтау бөлімшесіндегі балалардың жағдайы тұрақты, нашарлаусыз. 31 шілдеде келіп түскен, нейробоксирленген бөлімшедегі екі пациентті шығару жоспарлануда», - деп хабарлады ведомстводан.
Естеріңізге сала кетейік, 30 Шілдеде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан екі бала өздерін нашар сезініп, ауруханаға жатқызылды, ал келесі күні бірден 10 бала ауруханаға түсті. Бір бала қайтыс болды.