$ 497.26  525.21  4.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.08.2023, 06:49
Қоғам

Маңғыстаулық ағайынды екі жігіт қоқыс полигонында үйлену тойға фотосессия жасады

Ағайындылар фотосессиядан кейін қалдық жаhандық мәселе екенін және мұның бәріне қатысы барын түсінеді деп үміттенеді

Маңғыстаулық ағайынды екі жігіт қоқыс полигонында үйлену тойға фотосессия жасады

Маңғыстау облысында ағайынды екі жігіт – эколог Нұркен Салиев пен фотограф Нұрбол Салиев экологиялық мәселелерге назар аударып, адамзат табиғатқа немқұрайлы қарауды тоқтатпаса, 2050 жылы тойдың қандай болатынын халыққа көрсету үшін полигонда фотосессия жасады, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ағайындылар фотосессиядан кейін қалдық жаhандық мәселе екенін және мұның бәріне қатысы барын түсінеді деп үміттенеді.

«Бұл әзірше нағыз той емес, бірақ қалдықтарды сұрыптау мәселесін шешпесек, пластик пайдалануды тоқтатпасақ, 2050 жылы дәл осылай болады. Мен өзім мамандығым бойынша экологпын. Бұл салада жеті жылға жуық жұмыс істеп келемін. Мен бауырыммен біз қалдықтар мәселесіне қазірден бастап назар аудармасақ, болашақта не болатынын адамдарға көрсеткіміз келді. Ал біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, көптеген идея бар, біздің халықтың экологиялық мәдениетін көтергіміз келеді», деді Нұркен Салиев.

Серіктес жаңалықтары