Сараптаманың нәтижелері белгілі болды
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Мағзұм Кукумбаев Ертістің түсіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Алынған талдаулар үш зертханада қаралған болатын.Сараптаманың қорытындысы бойынша сынамаларда шекті рұқсат етілген концентрация және ауыр металдар анықталмады. Өзенге флуоресцентті бояғыш зат төгілген деп болжап отырмыз, себебі оның иісі мен зиян қасиеттері жоқ», – дейді Мағзұм Кукумбаев.
Оның сөзінше, бұл бояуды төккен адамдар табылмады. Бұл жағдайды полицияға тапсыруды жоспарлап отыр.
Еске салсақ, шілденің аяғында әлеуметтік желі арқылы Усолка жағажайында Ертіс өзенінің саласы көгілдір түске боялғаны туралы бейне таралып кетті. Экологтар бұл жағдайды зерттеген еді.