Жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапқан
1 тамыз шамамен сағат 11:00-де Самара-Шымкент автожолының 765 шақырымында Mercedes жүк көлігі мен ВМW автокөлігі соқтығысты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Салдарынан BMW автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушысы Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді.
«Автокөлік жүргізушілерінен жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз», - деп хабарлады Polisia.kz.