01.08.2023, 12:31
Қоғам
Талдықорған маңында болған жол апатынан үш адам зардап шекті
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді
«Алматы – Өскемен» тас жолының 317-шақырымында Toyota Camry автокөлігінің қатысуымен жол апаты болды. Болжам бойынша, жапондық шетелдік көліктің 20 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берген, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Зардап шеккен жүргізуші мен оның екі жолаушысы оқиға орнынан қалалық ауруханаға жеткізілді.
ЖКО дерегі бойынша қажетті сараптамалар тағайындай отырып, қылмыстық іс қозғалды.
Облыс полицейлері көлік жүргізушілерінен Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды, ең алдымен рұқсат етілген жылдамдықты сақтауды талап етеді.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
