$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.08.2023, 10:13
Қоғам

Шымкенттік тұрғын досының беделін түсіретін ақпаратты таратпау үшін 100 000 доллар талап еткен

Қаратау ауданының тұрғыны полицияға бопсалау туралы арызбен жүгінді

Шымкенттік тұрғын досының беделін түсіретін ақпаратты таратпау үшін 100 000 доллар талап еткен

Шымкентте жас жігіт өзін әлеуметтік желінің белгісіз қолданушысы қорқытып, одан 100 мың доллар талап еткенін көрсетті. Болмаған жағдайда, оның интимдік сипаттағы жеке суреттері мен видеоларын интернетке жариялаймын деп уәде еткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өз беделіне алаңдаған тұрғын келісіп, оның нұсқауын орындап, бопсалаған соманың 10 миллион теңгесі салынған сөмкені көшелердің біріндегі темір құбырдың астына қалдырған.

Күдіктіні бірнеше сағаттан кейін ақшаны алуға келген кезде полицейлер қылмыс үстінде ұстады.

Аталған жайт ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ тіркелді.

Ұсталған адам өзінің досы болып шықты.

Белгілі болғандай, досының мас күйін пайдаланған жолдасы, оның смартфонындағы жеке суреттері мен бейнежазбаларын өзіне өткізіп алған.

Бопсалаушы УҰИ-ға қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары