31.07.2023, 05:13
Қоғам
Маңғыстау облысында жоғалған азаматты іздеуге тікұшақ тартылды
Сондай-ақ аталған аумақты дронмен бақылау жұмыстары жүріп жатыр
Фото: inform.kz
Маңғыстау облысында із-түзсіз жоғалған азаматты іздеу жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудан әкімшілігінің қызметкерлері, еріктілер, ауыл балықшылары мен жоғалған азаматтың туыстары қатысып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Iздестіру-құтқару жұмыстары Сарша жерінің аумағы және Ерсай жағалауына дейінгі аралықта жүргізіліп жатыр.
Оған барлығы 60 қа жуық адам, 20 ға жуық техника жұмылдырылды. Таңғы уақытта Маңғыстау облысының ТЖД МИ-8 тікұшағы әуеден бақыласа, 10 қайықпен 7 сүңгуір (водалаз) теңізде іздеу жұмыстарын жүргізу үстінде.
Сондай-ақ аталған аумақты дронмен бақылау жұмыстары жүріп жатыр.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды