Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда
ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркияның Алания аумағында туристер мінген микроавтобус апатына қатысты мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
«Бүгін таңертең Алания тасжолында микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысып, жол-көлік апаты орын алды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар. Алдын ала алынған мәліметке сәйкес, автобуста Қазақстан азаматтары болған. Оқиғаның барлық мән-жайы мен біздің азаматтарымыздың жағдайын анықтау үшін ҚР консулы аталған өңірге шұғыл түрде жолға шықты», деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.