30.07.2023, 15:39
Қоғам
Түркияда қазақстандық туристер отырған автобус апатқа ұшырады
Алты турист ауыр жарақат алды
Фото: Ашық дереккөзден
Түркияның Аланья Анталия аймағында туристік автобус жүк көлігімен соқтығысып, екі адам қаза тауып, 12 адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy kursiv.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық туристерді Окурджалар Махаллеси тас жолымен тасымалдаған экскурсиялық шағын автобус бағдаршамда жүк көлігіне соқтығысты.
Оқиға орнына полиция мен дәрігерлер келді. Басылымның хабарлауынша, туристік автобус жүргізушісі мен украиналық гид қаза тапты.
Алты турист ауыр жарақат алды, барлығы Алания мен Манавгат аудандарындағы ауруханаларға туристік автобустың 12 жолаушысы жеткізілді.
Жүк көлігінің жүргізушісі жауап алу үшін жандармерия бөлімшесіне жеткізілді.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды