Үш өңірдің кәсіпкерлері тікелей вице-министрлерге сұрақ қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Кәсіпкерлердің сұрағына құзырлы министрлік өкілдері жауап берді

«AMANAT» партиясының жанынан экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектордың өңірлердегі мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Отырысқа 5 вице-министр қатысты қатысты. Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарынан кәсіпкерлер онлайн түрде өз сұрақтарын тікелей вице-министрлер мен «Атамекен» ҰКП өкіліне қоя алды.

Іс-шараға Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов, Қаржы вице-министр Дәурен Темірбеков, Сауда және интеграция министрі Қайрат Балықбаев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек, Экология және табиғи ресурстар бірінші вице-министрі Нұркен Шәрбиев және комитет басшылары қатысты. Сондай-ақ кеңеске Парламент Мәжілісінің депутаттары Снежанна Имашева, Ғалымжан Елеуов пен Қазыбек Әлішев те қатысты.

«AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев партияда трансформация күнделікті тұрғыда жүзеге асырылып жатқанын айтты.

 

«Кеңестердің жұмысы өзгеріп, саннан сапаға көшу болып жатыр. Партия аясында мыңнан астам кеңес жұмыс істеді. Қазір олардың саны үш есеге дейін азайды. Кеңестерді нақты мәселе шешетін партияның органына айналдыру жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі жиынға сияқты кәсіпкерлер келіп, өз мәселелерін айта алады. Партия жанындағы экономика және кәсіпкерлікті қорғау кеңестері барлық өңірде бар. Оны депутат Екатерина Смышляева басқарады. Өңірлердегі кәсіпкерлерге министрлік өкілдеріне тікелей сұрақ қойып, жауап алу мүмкіндігі алғаш рет берілгені де айтылды. Атырау облысында осындай отырыс алғаш рет өткізілді. Қатысушылар өз мәселелесін ашық айтып, оған жауап алғанына ризашылықтарын білдірді. Алайда бірден шешілмейтін мәселе де аз емес. Күзде партияның басшысына ұсыныс береміз. Ол кеңеске Партия төрағасы мен министрлер қатысады. Осындай кеңестерде шешілмеген мәселелерді сол кеңесте қайта көтереміз», - деді Жұмағазиев.

Хатшының айтуынша, бүгінгі кеңесте шешілмеген мәселелер пысықталып, ауқымды жиынға шығарылады.

Мәселен, Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері киіктің саны жайлы мәселе көтерді.

«Қазір оны Батыс Қазақстан облысындағы үлкен төтенше жағдай деп айтуға болады. Қазір Орал киіктер популяциясының саны 2 млн-нан асып кетті. Киіктер осыған дейін 500 шақырым жерде мекендейтін.  Қазір олар Орал қаласынан 50-60 шақырым жердегі ауылдарға келді. Олардың саны мекендеу аймағын кеңейтіп отыр. Нәтижесінде Ақжайық, Тасқала, Қазталов, Бәйтерек ауылдары алқаптарының зақымдалуына әсер етіп отыр. Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес, киік санын реттеу үшін оларды аулап, өндіріске жіберу үшін көп кеңес өткізілді. Қазіргі уақытта киік санын реттеу бойынша Үкіметтің қаулы жобасы әзірленуде. Облыс орталығында киік союға мүмкіндігі бар жалпы қуаттылығы әртүрлі 3 бордақылау кәсіпорны бар. Бірақ олардың ішінде де біраз мәселе бар. Мысалы, «Кублей» фабрикасының жұмысы соттың шешіміне сәйкес тоқтап тұр. Қаулы жобасында 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін киіктерді сойып, оның етін таратуға 2 ай уақыт беріліп тұр. Бірақ әлі де ешқандай тетік жоқ. Қазірден бастап біз онымен айналысуымыз керек», - деді ол.

Бұл мәселеге қатысты Экология және табиғи ресурстар бірінші вице-министрі Нұркен Шәрбиев жауап берді.

«Қазір киіктердің санына қатысты Үкіметтің қаулысы қаралып жатыр. Біз геологиялық негізді күтіп отырмыз. Қазір бұл мәселе қаралуда. Тетіктер мен мерзімге келетін болсақ, болжамды түрде 15 қыркүйектен 2,5 айға созылады. Заң бойынша аң аулау шаруашылықтарының тіркеуі күзде жүзеге асырылады. Биыл 15 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін аң аулау шаруашылықтарын тіркеу жүзеге асырылады. Қаржыландыру мен тетіктер қарастырылып жатыр», - деді ол.

Сондай-ақ өңірлердегі кәсіпкерлер сатып алу, субсидия, ауыл шаруашылығы мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап алды.