Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы қайтыс болды

Azattyq Rýhy

Ол «Кеңсай-2» зиратында жерленеді

Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы қайтыс болды

Халық жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы Батылжан Шерханұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қаралы хабар жайлы журналист Бану Дәулетбаева жазды.

«Шерхан Мұртазаның ұлы қайтыс болды деген хабар жетті. Жалғыз ұлы еді. Тұлпардың соңғы тұяғы...», - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Қазақстан жазушылар одағы бұл ақпаратты растап отыр.

«Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның жалғыз тұяғы Бақытжан Шерханұлы дүниеден озғаны жөнінде қаралы хабарды жеткіземіз.Жаназасы Самал-1 шағын ауданы, №16 үй, 7-пәтер 2023 жылғы 28 шілде күні сағат 10:00-де шығарылады», - деп хабарлады олар.

Жерлеу рәсімі Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның бір ұл, бір қызы бар. Ұлы - Батылжан Шерханұлы, қызы - Алма Шерханқызы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.