Әскерден жалтару үшін жалған анықтама бергендер бар – Ахмедиев

Автор: Azattyq Rýhy

Бір мезгілде екі ЖОО-да оқитындар анықталған

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әскери қызметтен өтеуден жалтаратындар жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мен бұған дейін 1 наурыздан бастап оқу орындарындағы 300 мыңнан астам оқушыға автоматты режимде шақыруды кейінге қалдыру туралы мәлімдегенімдей, көктемгі шақыру компаниясының қорытындысы бойынша өзінің тиімділігін көрсетті.Сонымен қатар, жағымсыз жақтары да анықталды, оларды жою болашақта осы жұмыстың нәтижелеріне оң әсер етеді.Мысалы, оқу туралы жалған анықтамаларды ұсыну жағдайлары анықталды, олардың негізінде белгілі бір сыйақы үшін осындай анықтамаларды беру бойынша заңсыз қызметпен айналысатын адамдар анықталды. Бұл ақпарат құзыретті органдарға берілді. Аталған фактілер Астана қаласында анықталды», - деді Ахмедиев.

Ол атағандай, бір мезгілде екі ЖОО-да күндізгі бөлімде оқитын тұлғалар анықталды, бұл ретте ЖОО-дар еліміздің әртүрлі өңірлерінде орналасқан.

«Мысалы, Астана қаласында орналасқан Қазақ технология және бизнес университеті және Шымкент қаласында орналасқан Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университет. Сондай-ақ, бір қалада күндізгі бөлімде оқитын, ал екінші қалада тұратын және жұмыс істейтін адамдар анықталды», - деді ол.