Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдаудың бірегей сервисі әзірленді – Қорғаныс министрілігі
Ол қағазбастылықтан құтқарады
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Jauynger.kz» бірегей сервисі туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қызметтердің ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту үшін министрлік азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау бойынша «Jauynger.kz» бірегей сервис әзірледі. Ол азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдаудың қолданыстағы рәсімдерін автоматтандыруға арналған», - деді ол.
Ахмедиев атағандай, сервис құжаттарды жинау, өңдеу, оларды қарау және шешім қабылдау бойынша бюрократиялық процестерді болдырмауға мүмкіндік береді.
«Оның бірегейлігі ақпараттық жүйелермен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы құжаттарды ведомствоаралық келісуді автоматтандыруда. Онлайн режимінде тікелей мемлекеттік органдардан өзекті ақпаратты алу әскери қызметке кіру мерзімін 3-4 айдан 15-30 күнге дейін қысқартады. Қазіргі уақытта қызмет сынақтан өтуде.Жеке өтінішсіз, проактивті форматта несиелік демалыстарды ұсыну алгоритмі әзірлеу сатысында. Бұл несиелік міндеттемелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға мүмкіндік береді және мерзімді қызметтің әскери қызметшілерін 100% қамтуға кепілдік береді», - деді Ахмедиев.