Бұл шешім қала халқының артуына байланысты қабылданды
Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «№1 Автобус паркi» АҚ басқарма төрағасы Медет Шакаев елордада пайда болатын жаңа автобус бағыттары жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Астана қаласының «№1 Автобус паркі» елорданың бүкіл маршруттық желісінің шамамен 70 пайызын қамтиды яғни, 38 қалалық маршрутқа және 28 қала маңындағы (100%) маршруттарға қызмет көрсетеді. Жылжымалы құрамы Iveco, Yutong маркалы ыңғайлы автобустардан тұрады, олардың саны 673 бірлік. Кәсіпорында 1472 қызметкер жұмыс істейді, оның 1013 - і жүргізушілер.
«Кәсіпорын Астанадағы халық санының артуына байланысты қазіргі уақытта автобустардың тапшылығын жоюды көздеп отыр. Маршруттық желіні жаңғырту шеңберінде Мемлекет басшысының, Астана қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша ағымдағы жылы кәсіпорынға Youtong маркалы 320 автобус сатып алу жоспарда бар, оның ішінде 20 бірлік - 18 метрлік электр автобустары және 40 бірлік 18 метрлік дизельді автобустар. Сондай-ақ, жеке тасымалдаушылар 80 автобус сатып алуды жоспарлап отыр. 2024 жылы тағы 100 автобус сатып алынады деп күтіліп отыр», - деді Шакаев.
«№1 Автобус паркі» АҚ-да биыл жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша бірқатар кешенді іс-шаралар жоспарлануда.
«Қазіргі уақытта 20 бірлік көлемінде 18 метрлік электр автобустары сатып алынды. Бұл көліктер желіге, №10 маршрутқа шығарылды. Бұрын №10 маршрутта жұмыс істеген 18 метрлік автобустар жолаушылар ағынын ескере отырып, 7, 44, 61 (Жағалау ш.м.), 24 (Өндіріс тұрғын алабы (Орман зауыты), 9, 29 (Интернациональный кенті) маршруттарына жіберілді. 205-ке жуық автобус автобустардың жүктемесін азайту және тұрақты қозғалыс аралығын қамтамасыз ету үшін барлық маршруттардағы кестелер қоғамдық көліктің санын көбейтуге жұмсалады. Яғни, қаланың барлық аудандары қамтылады», - деді ол.
Жаңа автобус бағыттары бірқатар ауданды қамтиды.
«Бұл ең алдымен 4,5,8,32,54,71,73 маршруттары - Көктал 1, Көктал 2 тұрғын алаптарына қызмет көрсету; 24,30 маршруттары - Өндіріс тұрғын алабы; 35,36,45 маршруттары - Үркер шағын ауданы; 7,9,17,29,44,61 маршруттары - Жағалау шағын ауданы, Интернациональный кенті; 1,6 маршруттары - кірпіш тұрғын алабы. Бұл жағдайда аралықты 10-20 минуттан 8-10 минутқа дейін қысқарту жоспарлануда.Елорда халқының өтініштерін ескере отырып, биылғы жылы 6 жаңа маршрут ашу жоспарланып отыр, онда салынып жатқан жаңа аудандарға, автобустар жоқ немесе жетіспейтін проблемалық учаскелерге қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін 95 автобус жіберілетін болады. Осы маршруттардың қозғалыс сызбалары қазіргі уақытта Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында және «CTS» ЖШС компаниясында қаралуда», - деді Медет Шакеев.