ШҚО-да қызылшамен ауыратындар саны көбейді

Автор: Azattyq Rýhy

Шығыс Қазақстан облысында 14 адамның қызылша жұқтыру қаупі туындаған

8 науқаста диагноз зертханалық түрде расталды, төртеуінде расталмаған, тағы екі адамға нақты диагноз қойылмаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

«Биыл өңірге қызылшаны жұқтырған адам Түркиядан келген. 7 жағдай өңірде болған» — деді санитарлық — эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямгазина.

Ол атағандай, қызылшаны жұқтырғандардың 88 пайызы егілмеген.

«Бүгінгі күні диагнозы расталған 8 науқастың екеуі ересек, қалғандары 14 жасқа дейінгі балалар», - деді ол.