$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.07.2023, 17:22
Қоғам

Ақсуда 22 млн теңге бопсалаған күдіктілер полиция қызметкерін көлікпен қағып кеткен

Ұсталғандар қамауға алынды

Ақсуда 22 млн теңге бопсалаған күдіктілер полиция қызметкерін көлікпен қағып кеткен

Күдіктілер жасырынған кезде полиция қызметкерін қағып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Polisia.kz ақпараттық-медиа порталының мәліметінше, белгісіз адамдар соңғы екі жыл ішінде ар-намысы пен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін бейнежазбаларды жария ететінімен қорқытып, Ақсу қаласының тұрғынынан ірі мөлшерде ақша бопсалаған.

Жәбірленуші бопсалаушыларға 22 млн теңге көлемінде қаражат берген. Ақша беруге мүмкіндігі жоқ әйел адам полицияға арызбен жүгінді.

«Арнайы іс-шараларды өткізу барысында павлодарлық полицейлер мен «Арлан»  арнайы бөлімшесінің қатысуымен кезекті ақшаны  беру кезінде Павлодар қаласының үш тұрғыны ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды. Күдіктілерді ұстаған кезде олар белсенді қарсылық көрсетті.  Жасырынуға тырысып, полиция қызметкерін көлікпен қағып кетті», – деді Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Ұсталғандар қамауға алынды. Олардың ішінде бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған бір адам бар. 

«Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Ғабит Қабдрахманов.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін адам қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары