Сайлау учаскелерінде дауыс беру жексенбі күні басталады
Испанияда жексенбі күні сайлау учаскелері ашылады. Сайлау жазғы демалыс маусымына тұспа-тұс келді. Көпшілік пошта арқылы дауыс беріп қойған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Испаниядағы парламент сайлауы жазғы демалыс маусымымен қатар келді. Сайлау учаскелерінде дауыс беру жексенбі күні басталады. Бұл күні көптеген испан азаматы өз үйінен алыста болатын тәрізді. Олардың көпшілігі пошта арқылы таңдау жасап, азаматтық парызын орындағанын мәлімдеді. Мұндай дауыс беру түрі жұмаға дейін жүргізілді.