Қазір Талғар өзеніндегі су деңгейі секундына 23,5 текше метр болып отыр
Талғар өзені бойындағы Үлкен поляна өлшеу стансасының мәліметінше, биік таулы аймақтарда жауған жауын-шашын салдарынан Сол Талғар өзеніндегі су деңгейі секундына 18 текше метрге көтерілген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазір Талғар өзеніндегі су деңгейі секундына 23,5 текше метр болып отыр.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір су транзиттік режимде өтіп жатыр. Қосымша бақылау бекеттері орнатылды. Гидротехникалық құрылыс үстіндегі демалушылар эвакуацияланды.
Жағдай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, «Казселезащита» мекемесінің тұрақты бақылауында.