Юлия Путинцева Будапештегі турнирдің екінші айналымында жеңіліп қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Юлия Путинцева матч кезінде бірде-бір эйс жасай алмай, екі қос қателікке жол берді

Фото: yarnovosti.com

Қазақстанның екінші, әлемнің 60-ракеткасы Юлия Путинцева Будапешт (Мажарстан) WTA 250 турнирінің 1/8 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 88-орында тұрған америкалық Клэр Льюмен кездесті.

Қазақстандық теннисші қарсыласынан 6:3, 7:6(10:8) есебімен ұтылды.

Юлия Путинцева матч кезінде бірде-бір эйс жасай алмай, екі қос қателікке жол берді.