Шымкентте тұрмыстық техника дүкені мен қойма өртенді

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің жалпы ауданы 800 шаршы метрді құрады

Фото: kaz.zakon.kz

Шымкентте тұрыстық техника дүкені мен қойма өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Төлеби көшесінде орналасқан «Темірлан» тұрмыстық техника дүкенінің шатыры мен оған жапсарлас соғылған қойма жанып кетті. Өрттің жалпы ауданы 800 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 5 газ және 1 оттегі баллонын қауіпсіз жерге алып шықты.

«Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 120 қызметкері мен 17 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, 6 адамнан тұратын қалалық коммуналдық қызмет бригадасы 6 техникамен судың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етті. Психолог мамандар халыққа көмек көрсетті. Өрттің себебі мен материалдық залалдың мөлшері белгіленеді» делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.