Алматыда балабақшада бүлдіршіндерді азғырды деген күдікпен аула сыпырушы ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Балалардың барлығы оқиғаны бірдей етіп сипаттап берген

Алматыдағы «Солнышко» балабақшасында аула сыпырушы ер адам бүлдіршіндерді азғырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, адвокат Айман Омарованың айтуынша, ата-аналар бір сұмдықты сезіп, бір-бірімен ақылдасқан. Сөйтіп балаларынан ақырындап сұрай бастаған.

«Балабақшаға 4, 5, 6 жастағы балалар барады. Ата-аналар бәрін кейін білген. Балаларынан сұраса, «біздің құпиямыз бар, ешкімге айтпауымыз керек» деген. Жаңағы кісі балабақшада жұмыс істейді екен. Балалардыңбірі «бақшада жұмыс істейді» деген, бірі «аула сыпырушы» деген», - дейді адвокат Айман Омарова.

Балалардың барлығы оқиғаны бірдей етіп сипаттап берген.

«Балалардың айтуынша, кішкентай үйшікбар екен. Сол жерге балаларды апарып, іш киімін шешкізген. Ер адам өзі де іш киімін шешкен. Бір кішкентай қыз "ағаның мүшесі үлкен, бұтына дәретін жіберіп қойды" деген. Кейбір балалар жаңағы ер адамның балалардың денесінен, ішінен ұстап ойнағанын айтқан», - дейді адвокат.

Бұл сұмдықты естіген ата аналар «Солнышко» балабақшасының басшылығына шағымданған.

«Алайда балабақша басшысы ата-аналардың наразалығына құлақ аспаған. Басшысына, әдіскеріне, басқа қызметкерлерге айтқан. Бірақ бұл істі сол күйі қарамаған», – дейді адвокат.

Оқиғаға қатысты Алматы қаласы полиция департаменті түсініктеме берді.

«Қылмыстық істі Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 124 бабы 3 бөлігіне сәйкес тіркеп, тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Сотқа дейінгі тергеу барысы ПД басшылығының бақылауында», - дейді ведомство.