«Айына 1 млн теңге шығады»: Англияға кеткен қазақтар қандай жұмыс істеп жүр
Ұлыбриртанияда көп қазақ маусымдық жұмыс істеп жүр
Соңғы кездері Англияға ағылған қазақстандықтар көп. Отандастырымыздың басым бөлігі маусымдық жұмыс істеп, аз уақытың ішінде қомақта қаржы жинап алуға баратын көрінеді, деп хабалайды Azattyq Ruhy.
Англияға кеткен қазақстандықтардың басым бөлігі арнайы сайт арқылы жұмысқа орналасқан. Олардың көпшілігі қалай орналасқанын, қандай жұмыс істейтіндерін әлеуметтік желіде бөлісіп отырады.
Мәселен, қазақстандық Ақару есімді келіншек Англиядағы маусымдық жұмысқа күйеуі екеуі аттанғанын айтады.
«Тамыз айында бір адам арқылы fruitfuljobs сайтына өтініш бердік. 22 қыркүйекте видео арқылы онлайн әңгімелесуден өттік. 20 желтоқсанда почтамызға барлық құжат келді. Медициналық сауалнамадан кейін визаға, кейін келісімшартты қолмен толтырып, қайта жібердік. Визалық жинаққа 350 еуро төледік. 9 қаңтарда тағы бір құжаттар легі келді. Осылайша, қос нөмір алуға соңғы құжатқа қолымызды қойдық. 17 қаңтарда визалық орталыққа барыңдар деген хат келді. Кейін WhatsApp-тағы топқа қосылып, онда 19 қаңтар қай фермаға баратынымыз айтылып, Лондонда 8 наурыз болуымыз керегі жеткізілді. Осылайша, Англиядағы жұмысымыз басталды», - дейді Ақару.
Оның айтуынша, Англияда жұмыс үшін сағатына төленеді.
«10 наурыз жұмысқа шығып, бірінші айлықты үш аптадан кейін алдық. 10 күннің ақшасын берді. Бірінші айлығымыз 724 фунт болды, теңгемен 398 мың теңге. Айлық екі аптада бір рет түседі. Салық пен тұру үшін ұстап қалады», - дейді ол.
Тағы бір отандасымыз Бекнұр Кәрімолла да Англияда маусымдық жұмыс істейді. Ол шие, спаржа, өрік, алма теретінін айтады.
«Англиядағы жалақы сағатына төленеді. Сондай-ақ қандай жұмыс екеніне байланысты жалақының көлемі өзгереді. Спаржа теру арқылы 5 аптада 1 млн 270 мың таптым. Шие теру бойынша 8 сағат жұмыс істейміз. Жұмысты жылдамдыққа емес, уақытына қарай істейміз. Күніне 8 сағаттан 5 күн жұмыс істеп, 2 күн демаламыз. 1 сағатқа 10,42 фунт төленеді. Ол біздікімен 6070 теңге болады. Алқаптарда қазақтар, румындар, басқа шетелдік азаматтар жұмыс істейді», - деді ол.
Бекнұр Англияға келгісі келгісі келетін отандастарына үндеу де жасады.
«Алаяқтарға алданып қалмаңыздар. Қазақстанда Англияға 2-3 аптада жұмысқа тұрғызамыз деген агенттіктер қызмет үшін 500-1 млн теңге сұрайды. Осындайларға алданып қалмаңыздар. Қыстың уақытында бұл жақта жазда жұмыс істейтіндерді алып қойды. Жазға адам жинап жатқан жоқ. Сайттардың барлығына «отказ» келіп жатыр. Осы жағдайды пайдаланып, ол компаниялар ақша жасап жатыр. Бұл жаққа келу - тегін. Тек жеке шығындарыңызға ғана ақша керек болады. Ол барып-қайту билеті және виза, жеке заттар үшін кететін қаржы. Қалтаңызда 100 мың теңге болса, жетеді. Ал agropractika.eu, agri-hr.com, osroder-hr.com, concordiavolunteers.org.uk, uk-work.com сайттарымен жұмыс істеген жөн», - дейді ол.
Сондай-ақ Tier-5 сайтына тіркеліп Англияға баруға болады. Ол үшін ешкім ақша талап етпейді. Қазір маусымдық жұмыс аяқталуға жақын. Сондықтан келесі жылға өтінім беруді қараша, желтоқсан айларында бастау керек. Себебі 5-6 айдан кейін құжаттар дайын болады.
Осыған дейін Ұлыбританияда қарғаларды үркітіп, күніне 72 мың табатын қазақстандықтың видеосы араған болатын.
«Бәріне қайырлы таң, Англияда сағат таңғы бес жарым. Қолымда мынадай зат бар, менің ең бірінші жұмыс күнім. Менің жұмысым – мынау үлкен алаң, білмеймін бірақ бұл жерде не өсетінін? Менің бірақ жұмысым – мынамен қарғаларды қуу. Сосын сөмкемде жарылғыштар да бар, соларды атып жүремін. 12 сағат, сағатына 6 мың теңге. Сонда бір күнге 72 мың теңге. Менің жұмысым қарғаларды қуып жүремін – күлкілі бірақ күшті жұмыс», – дейді ол.
Қазір Еуропадағы жұмысқа жіберетін агенттіктердің жарнамасы да аз емес. Мәселен, jobsineur еуропалық елдерге жұмысқа тұрғызатындарын айтады. Англиядағы қоймада жұмыс істеу 3100 еуро,Германияда кафеде жұмыс істеу 3 мың еуро, Канададағы қоймадағы жұсмыс үшін 4 мың еуро төленетінін айтады. Еске салсақ, 2022 жылдың қаңтар-маусым аралығында Қазақстанның 1 655 азаматы маусымдық жұмысшы ретінде тартылған.