Павлодар облысының әкімі орман өртінің қашан сөндірілуі ықтимал екенін айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Қызыл жалын 850 гектар аумақты қамтыған болатын

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов «Ертіс орманы» резерватында болып жатқан өрттің қашан толық сөндірілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

 «Құрметті жерлестер! Бүгін сағат 14:00-де Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» резерваты аумағындағы табиғи өрт оқшауланды. Алдағы бірнеше күнде өртті толық сөндіру жоспарланып отыр. Бұл ретте өрт ошақтарын анықтап, олардың қайта тұтанбауын қадағалау маңызды. Сонымен қатар тілсіз жаумен күреске жұмылдырылған өрт сөндірушілер мен орманшыларға алғыс білдіремін», - деді Асайын Байханов өзінің Instagram парақшасында жариялаған хабарламасында.