ТЖ министрі «Ертіс Орманы» аумағындағы өртті жою жұмыстарын бақылауда

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта тілсіз жау 600 гектар аумақты шарпып үлгерді

Фото: tengrinews.kz

ТЖ министрі Сырым Шәріпханов «Ертіс Орманы» аумағындағы өртті жою жөніндегі жедел жұмыстарды жеке бақылау үшін Павлодар облысына аттанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұшып аралау және жағдайды бағалау жүргізілді, күштер мен құралдарды тиімді пайдалану бойынша нұсқаулар берілді.
Қазіргі уақытта Сырым Шәріпханов жедел штабта, жағдайдың эпицентрінде,«Ертіс Орманы» өрт орнында.

Айта кетейік, бұған дейін өрт сөндірушілер Павлодар облысының Шарбақты ауданына қарасты Сүгір ауылында тұтанған орман өртін әлі сөндіре алмай жатқанын хабарлаған едік. Қазіргі уақытта тілсіз жау 600 гектар аумақты шарпып үлгерді.