$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«89 мың бала»: Алматы облысында жаңадан 53 мектеп салынады

Өңірде үш ауысымда оқитын оқушы көп  

«89 мың бала»: Алматы облысында жаңадан 53  мектеп салынады

Алматы облысында 26 мыңнан астам оқушыға мектеп жетіспейді. Былтыр бес жаңа мектеп пайдалануға берілген. Бірақ, бала санының өсуі көбейгендіктен, қосымша оқу орындарын салу үшін қосымша қаражат үш ауысымда оқитын оқушылардың саны 90 мыңға жуықтайды. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, тек биылдың өзінде 28 мектептің құрылысы басталады. Өткен жылы Алматы облысында 5 жаңа  мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Атап айтқанда, Еңбекшіқазақ ауданы Қазақстан, Ташкенсаз ауылдарында 300 орындық мектепке жапсаржайлар, Жамбыл ауданы Көкдала ауылында 110 орындық мектеп, Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылында 600 орындық мектепке жапсаржай салынып пайдалануға берілді. Сонымен қатар,   Кеген ауданы Жалаңаш ауылындағы Ермегияев атындағы мектеп ғимараты қайта жаңғыртудан өткізілді. 2023 жылдың сәуір айында Қарасай ауданы Алмалыбақ орта мектебіне қосымша  600 орындық жапсаржай құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді», - деді Алматы облыстық білім басқармасы.

Облыста жалпы білім беретін 425 мектеп жұмыс істейді. Онда 340 мыңға жуық  оқушы білім алды. Биылғы оқу жылының соңына дейін өңірдегі 52 мектепте сабақ үш ауысымда жүргізілген. Ол жерлерде 90 мыңға жуық оқушы білім алып келді. Жалпы оқушы орнының тапшылығы 26 191 орынды құрап отыр. Алматы облысында үш ауысымдық оқытуды және орын тапшылығын жою бойынша қазір жұмыс жүріп жатыр.  Өңірде 425 мемлекеттік мектептен бөлек 31 жекеменшік жалпы білім беретін оқу орыны бар. Алайда, бұның бәрі оқушылардың қысылмай, қымтырылмай, еркін білім алуына мүмкіндік бермейді.

«51 мектеп үш ауысымда оқиды, онда – 87 362 оқушы, үшінші ауысымында – 15 378 оқушы оқиды. Орын тапшылығы 28 936 орынды құрайды. «Еңбекшіқазақ ауданында - 3 мектеп, Іле ауданында - 21 мектеп, Жамбыл ауданында - 9 мектеп, Қарасайда – 11 және Талғар ауданында - 6 мектеп, Ұйғыр ауданына - 1 мектеп). 2022 жылдан бастап ауыспалы 15 300 орындық 15 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 14 400 орындық 14 мектептің үш ауысымдылығын, 900 орындық 1 мектептің орын тапшылығын жою үшін жұмыс жасалып жатыр», - деп мәлімдеді облыстық білім басқармасы. 

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында қажетті қаражат бөлінді. Халық өте тығыз шоғырлаған Іле ауданында балалар еркін білім ала алмай келген. Қазіргі уақытта бұл проблеманы жою үшін Боралдай, Межреченск, Көкқайнар ауылдарында әрқайсысы 1500 орынды, Жаңаталап ауылдарында 600 оқушыға арналған оқу орындарының құрылысытары аяқталуға жақын. Үш ауысымда оқитын оқушы санын барынша қысқарту «AMANAT» партиясының жіті бақылауында. Бұған дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жоба аясында облыста 63 мектеп салу жоспарланған еді. Алайда оның саны он мектепке қысқарды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының фракциясымен кездесуде белгілі болды.

«Аталған мәселені жою мақсатында ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 68 200 орындық 63 мектеп салу көзделген. Ол үшін алдағы екі жылға республикалық бюджеттен 382,5 млрд. теңге қарастырылған. Алайда, ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан осы жоба аясында салынатын мектептер санын оңтайландырып, 63 мектепті 54 900 орындық 53 мектепке азайту ұсынылды. Қаулыға өзгеріс енгізу үшін тізім жасалды. Нәтижесінде биыл 28 білім ордасы емес, 26 мектеп құрылысы басталады деп жоспарланып отыр. Оның 7-де құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр.Биыл облыста «Жайлы мектеп» жобасынан бөлек, 16 мектеп салынуда. Өңірдегі 68 оқу ошағы бейімделген ғимаратта орналасқан, 23 мектеп тозығы жеткен, ескірген ғимараттарда орналасқан», - деді кездесуде Алматы облыстық Білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева.

Облыс орталығы Қонаев қаласында да мектеп жетіспейді. 2023-2024 жылдары 26 мектеп, 2024-2025 жылдары 35 мектеп салу жоспарланған. Мектептердің құрылысын бастау үшін тек биылғы жылға республикалық бюджеттен 59,2 млрд теңге бөлінді.

«Жоспар толық жүзеге асқанда үш ауысым және орын тапшылығы мәселесі шешіледі. Облыстағы үш ауысымды мектептердің проблемасы күрделі, үш ауысымды мектептердің саны 52 құрайды. Мектеп үй-жайларының санын көбейту қажет. "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы аясында 5 ауданда және Қонаев қаласында оқу орындарын көптеп салу жоспарланған. 2023 жылы "Samruk kazyna-Construction" АҚ-да 28 мектеп салу жоспарланған: 24 мектеп бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына конкурстар жарияланды. 7 мектеп бойынша жеткізушілер анықталды, келісімшарттар жасалып жатыр. 2024 жылы 35 мектеп салу жоспарлануда. "Samruk kazyna-Construction" АҚ  мектеп құрылысына арналған жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді ресімдеу процесін бастады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін 2023 жылға РБ-дан 59 млрд. теңге бөлінді. Құрылыс басқармасы "Samruk-Kazyna Construction" АҚ-мен шарттарға қол қойып, Алматы облысының Қазынашылық департаментінде тіркелді. 27.03.2023 жылы бірінші траншқа 29 млрд. теңге көлемінде төлем жүргізілді», - делінген басқарманың берген ақпаратында.

Серіктес жаңалықтары