«Біз державалар арасында теңгерімнің болғанын қалаймыз»: Моңғолия неге алаңдап отыр
Ол әлем сын-қатерлерді бірігіп еңсере алатынын айтты
Моңғолияның ұлттық қауіпсіздік кеңесі жанындағы стратегиялық зерттеу институтының директоры Бегз Даваадорж Орталық Азия бойынша қауіпсіздік және ынтымақтастық форумында әлемдегі геосаяси жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Орталық Азия елдерімен ынтымақтасу біз үшін өте маңызды. Әсіресе, күрделі уақыт кезінде маңыздылығы жоғары болып отыр. Шын мәнінде біз жылдам өзгеретін әлемде өмір сүріп жатырмыз. Дәстүрлі және дәстүрлі емес сын-қатерлерді көріп отырмыз. Оның ішінде қауіпсіздік мәселесі бар. Ешбір ел қауіпсіздік саласындағы барлық сын-қатерді жалғыз еңсере алмайды. Қазіргі таңда барлық мемлекет, халық өзінің түрлі ұстанымдары мен ерекшеліктеріне қарамастан ортақ тағдырға түйіскен. Сын-қатерлерді еңсеру үшін бірігу өте қажет»,- деді Даваадорж.
Ол атағандай, Моңғолия алпауыт елдер арасындағы бәсекелестікті байқап отыр.
«Біз үшін үлкен сын-қатерге айналып отыр. Біз державалар арасында теңгерімнің болғанын қалаймыз. Бұл біздің сыртқы саясаттағы күн тәртібіндегі маңызды мәселе болып отыр. Күрделі проблемалар тек ынтымақтасиық арқылы ғана шешіледі. Қиындықтарды еңсеруге болады»,- деді ол.