Қазақстан жолдарында «автоқоқыс» саны көбеймесе, азаяр емес – сарапшылар

Елімізде ескі автокөліктер үлесі 13,5 пайызға өскен

Қазақстан жолдарында «автоқоқыс» саны көбеймесе, азаяр емес – сарапшылар
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Қазақстанда жеңіл көліктердің саны бір жылда 8,4 пайызға өсіп, биылғы сәуір айының соңында 4,1 миллионды құрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ranking.kz зерттеуінше, өсім барлық жас санат бойынша байқалқан, әсіресе жаңа автокөліктер (үш жылдан аз) бірден 31,1 пайызға көтерілген.

Бұл ретте шығарылғанына 10 жылдан 20 жылға дейінгі ескі автокөліктер саны да айтарлықтай 13,5 пайызға өскен.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан жолдарында «автоқоқыс», яғни шығарылғанына 20 жылдан асқан көліктер басым, олардың саны бір жылда 4 пайызға өсіп, 2 миллионға жуықтады.

«Шығарылғанына 20 жылдан асқан көліктердің ең көп саны Алматы облысында тіркелген: 317,7 мың. Одан кейін Алматы қаласы (180,9 мың) мен Қарағанды ​​облысы (157,6 мың) тұр», - дейді сарапшылар. 

Сонымен қатар автопарктегі «автоқоқыстардың» үлесі Жамбыл (69,6 пайыз), Алматы (64,9 пайыз) және Оңтүстік Қазақстан (66,6 пайыз) облыстарында және Оңтүстік Қазақстан облысында басым. Автопарктің жартысынан көбін Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы «жасы» 20 жылдан асқан автокөліктер алып жатыр.

«Пайдаланылған көліктердің бағасы бесінші ай қатарынан төмендеп келеді (ақпаннан бастап, наурызда өзгеріссіз қалды). Соның нәтижесінде 2023 жылдың маусымында пайдаланылған жеңіл автокөліктер айына 1,3%-ға және жылына 5,2%-ға арзандады. Айта кетерлігі, 2022 жылдың маусым айында секторда жылдық бағаның 11,8 пайызға өскені байқалды.

Бұл ретте жеке көліктерді пайдалану құны бір жылда 15,7 пайызға өсті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.