Көліктерді заңсыз заңдастыруға қатысқандардың ішінде полиция қызметкерлері де бар – ІІМ
Халыққа арнайы қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері де оған атсалысқан
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру бойынша біраз кемшіліктер болғанын мойындау керек. Ол жерде автокөліктерді заңсыз заңдастыруға қатысы бар полиция қызметкерлерінің бар екенін де жасырмаймыз. Оның ішінде Халыққа арнайы қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері де бар. Алаяқтар да бар. Қазіргі кезде арнайы қылмыстық істер қозғалған. ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік департамент қызметкерлері ол қылмыстық істерді тексеріп жатыр. Ол бойынша шешім қабылданса, біз жария етеміз», - деді ол.
Сұлтанбаев мұндай фактілер Алматы және Алматы облыстарында бар екенін айтты.