$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Автосақтандыру шартын жасай алмайды»: ІІМ 1 қыркүйектен кейін әкелінген көліктер жайлы

Міндетті сақтандырусыз жүрген көліктерге 10 айлық айыппұл салынады

«Автосақтандыру шартын жасай алмайды»: ІІМ 1 қыркүйектен кейін әкелінген көліктер жайлы

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Ол 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көліктерге қатысты айтып өтті.

«Сұрақтардың алдын ала отырып, оларды заңдастыру мәселесі қарастырылмайтынын айтайын. Азаматтарға заңдастыру біржолғы сипатта болатыны ескертілді.Бұдан былай ел аумағында шетелдік автокөліктерді заңсыз әкелу мен пайдаланудың жолдарын болдырмау үшін шаралар қабылданады. Мәселен, биылғы 12 қаңтардан бастап заңнамалық өзгерістерге сәйкес Қазақстан азаматтары шетелдік автокөліктеріне автосақтандыру шартын жасай алмайды», - деді ол.

Ол атағандай, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес міндетті страховкасыз автокөлік басқарғаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

«Сондай-ақ аталған жағдайларда полиция қызметкерлері автокөліктерді ұстап, оларды арнайы автотұрақтарға жеткізуге құқылы.  Қазіргі уақытта ішкі істер министрлігі халық арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары