$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.07.2023, 11:41
Қоғам

«Қылмыстық іс қозғалды»: қостанайлық тур оператор клиенттерді 60 млн теңгеге шығынға батырды

Полиция арыздар саны әлі де артуы мүмкін екенін айтты

«Қылмыстық іс қозғалды»: қостанайлық тур оператор клиенттерді 60 млн теңгеге шығынға батырды

Алпысқа жуық қостанайлық тур операторының жауапсыз әрекетіне байланысты шетелге демалуға бара алмады. Себебі менеджер жолдамаларды уақытында сатып алмаған. Қазіргі уақытта туристерге келтірілген залал 60 миллион теңгеге бағаланады. Алайда, алаяқтық туралы істі тергеп жатқан полицейлердің айтуынша, әйелдің әрекетінен зардап шеккендер көп болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Alau.kz-ке сілтеме жасап.

Алаяқтық туралы істі тергеумен Қостанайдың солтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері айналысуда. Күдікті ретінде қала тұрғыны тергеліп жатыр. Бұрын ол туристік фирмада жұмыс істеген, онда әртүрлі курорттық және туристік бағыттар бойынша жолдамаларды рәсімдеуде тәжірибе жинақтаған. Полициядағылардың сөзінше, ол клиенттер базасын құра отырып, жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысуды көздеген.

«Ол бұрындары да осы салада жұмыс істеген, бірақ 2023-ші жылдың басынан бастап турларды сатып алу кезінде қиындықтарға тап болды. Осыған байланысты адамдар биыл материалдық шығынға ұшырады. Бір күннің ішінде 25-тен астам адам арыз жазды. Қылмыстық іс қозғалды», - деді Қостанай полиция басқармасының Солтүстік бөлімінің тергеушісі Гүлжанат Баймұханова.

Тергеуші түсіндіргендей, өзінің тұрақты клиенттеріне ол әдеттегіден төмен бағамен сатылатын турларды ұсынған. Туристердің кейбірі жолдамаларды бірден сатып алса, өзгелері бөліп төлеу арқылы рәсімдеген. Бірақ, сатып алушылардан ақшаны алғаннан кейін, күдікті жұмысында қателіктер жіберген.

«Ол тур пакетін бірден емес, араға бірнеше күн салып, кейбірін тіпті бір аптадан кейін алған. Нәтижесінде оған жолдамалар қымбатқа түсіп, ол шығынға кете бастады» - деді полиция.

Алайда, жұмысын тоқтатудың орнына, тур сатушы қыз клиенттерден ақша алуын жалғастырған. Осылайша ол қосымша қаражаттың түсуі ескі қарыздарды жабады деп ойлаған. Алайда айласы іске аспаған. Нәтижесінде, алпысқа жуық адам алпыс миллион теңге шығынға ұшырады. Тергеушінің сөзінше, бұл сандар әлі де өсуі мүмкін.

«Жәбірленушілер әлі күнге дейін жүгінеді. Материалдық шығынға ұшыраған азаматтарға полицияға жүгіну керектігін ескертеміз. Жәбірленушілер әлі де бар деп ойлаймыз», - деді Гүлжанат Баймұханова.

Қазір полиция істі аяқтауға дайын және оны сотқа беруге материал жеткілікті, бірақ олар тұрғындар тарапынан жаңа арыздар болуы мүмкін деп отыр.

Серіктес жаңалықтары