Дәрігерлер балмұздақ сатып алғанда неге көңіл бөлу керек екенін айтты
Жазда балмұздақ ең көп сұранысқа ие десерт. Дегенмен дәрігерлер тұрғындарды дұрыс сақталмаған балмұздақты жеп уланып қалмауға шақырады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Санэпидбақылау комитетінің өкілдері балмұздақты сақтау үшін ерекше жағдайлар қажет екенін ескертеді. Балмұздақ дайындау әдісіне қарай жұмсақ және қатайтылған болып бөлінеді.
«Жұмсақ балмұздақ 4-8°C температурада фризердің көмегімен жасалады және оны дайындағаннан кейін бірден жеу керек, сақтауға болмайды. Қатайтылған балмұздақ өндірісте арнайы жабдықта (-18°С және одан төмен) терең мұздату арқылы дайындалады, бұл ретте температура тасымалдау, сақтау және өткізу кезеңдерінде сақталуы тиіс», - дейді эпидемиолог мамандар.
Балмұздақты мұздатқышта сақтаған кезде оның тағамдық құндылығы мен дәмі уақыт өте келе өзгереді. Сақтау процесінде балмұздақ бөгде иістерді өте оңай сіңіреді. Теріс температура бактериялардың өсуінің баяулауына әкеледі, бірақ еріген кезде микроорганизмдер үшін көбеюге қолайлы орта қалыптасады.
Балмұздақтан улануды болдырмау үшін мыналарды есте ұстаған жөн: