Шымкентте алғаш рет жүрек трансплантациясы жасалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ота кезінде кардиохирургтар пациентке 46 жастағы ер адамның жүрегін орнатып берді

Фото: inform.kz

Шымкентте алғаш рет жүректі ауыстыру операциясы жасалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Шымкент жүрек орталығында» 61 жастағы тұрғынның жүрегі ауыстырылды. Ол көп жылдан бері «жүрек жетіспеушілігі» диагнозымен есепте тұрған. Ота кезінде кардиохирургтар пациентке 46 жастағы ер адамның жүрегін орнатып берді. Донорлық жүректі қайтыс болған ер кісінің туған-туыстары пайдалануға рұқсат берген.

«Үшінші мегаполис тарихында тұңғыш рет жасалған жүрек алмастыру отасы сәтті өтті»- дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, жүрек алмастыру отасы «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пя, Ұлттық ғылыми кардиохирургия және Шымкент жүрек орталығы қызметкерлерінің қатысуымен өтті.