Уимблдон: Юлия Путинцева қарсыласына жол берді
Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасты
Қазақстанның екінші, әлемнің 56-ракеткасы Юлия Путинцева Уимбдон турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасты.
Матчты сәтті бастаған Путинцева 4:1 есебімен алға шықты. Жаңбыр жауып кетуіне байланысты жарияланған үзілістен кейін қазақстандық спортшы сол басымдығын жоғалтқан жоқ – 6:3.
Алайда бұдан соң бразилиялық теннисші күш алып кетті – 6:0, 6:4.
Екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында Юлия 2 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қарсыласы 5 эйс, 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.
Беатрис Хаддад Майя екінші айналымда рейтингіде 133-орында тұрған румыниялық Жаклин Кристианмен кездеседі. Ол әлемнің 47-ракеткасы, италиялық Лючия Бронцеттиді тізе бүктірді – 6:3, 6:4.