Оған 100 мың теңге пара алғаны үшін 3 млн теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды
Шығыс Қазақстан бойынша Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны И.А. Курбаевқа қатысты сот үкімі шығып, айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
«Ол ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 596-ші бабының 3-ші бөлігі бойынша («Қарама-қарсы қозғалысқа арналған жолдың жүру жағына шығу») әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 100 000 теңге сомасында пара алғаны үшін күдікті болды. 2020 жылдың 11 наурызында Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен И.А. Курбаевқа 3 млн теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Курбаев мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айрылды.