Желіде Төреғали Төреәлінің көлік тізгіндегені туралы ақпарат тарады

Автор: Azattyq Rýhy

Әнші таяуда ғана 7 жыл бойы көлік рөлінде отыру құқығынан айырылған болатын

Әнші Төреғали Төреәлі әкімшілік жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде көлік айдау құқығынан 7 жылға айрылған Төреғали Төрәлінің машина жүргізіп бара жатқаны туралы ақпарат тарады. Алматы қалалық Полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Әнші әкімшілік жазасын өтеп жатыр, оның көлік жүргізіп жүргені туралы ақпарат жалған», деп хабарлады ведомстводан.