ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 76 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

Алматыны қандай жолдар арқылы айналып өтуге болады?

Қалаға кіретін жолдарға 27 блок-бекет қойылған

Әсет Құндақбаев

Карантин жарияланған Алматы қаласына кірмей-ақ жүрудің картасы автожүргізушілерге ұсынылды. Полиция көрсеткен сызбанұсқа арқылы жолаушылар облыстан өзге өңірлерге еш кедергісіз қатынай алады.

19 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап жарияланған карантин ережелерін сақтау, сондай-ақ, қаланың көлік артериясын түсіру мақсатында Алматы полициясы қаланы облыс аймағы арқылы айналып өту жолының сызбасын картаға белгіледі. Енді көліктер тек Алматы облысының аумағы арқылы ғана еркін қозғала алады.

Алматының кіреберісіндегі күре жолдарға 27 блок-бекет қойылып, жүруге тыйым салынды. Ал картадағы қызыл нүктелі сызықтар жол ашық дегенді білдіреді. Алматы – Бішкек, Алматы – Нұр-Сұлтан, Алматы – Өскемен және Алматы – Қорғас бағытына баратын жолаушылар мен ауылдарға қатынайтын адамдарға 8 бағыт бойынша жол картасы көрсетілген.

«Біз азаматтарды маршруттарды алдын ала жоспарлап реттеуге, төтенше жағдайлар мен карантин ережелерін қатаң сақтауға, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға және коронавирустық инфекциямен күресу мен алдын алу шараларына түсіністікпен қарауға шақырамыз», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі