Ысмағұлов UFC жекпе-жегінде екінші мәрте жеңіліп қалды

Автор: Azattyq Rýhy
Фото: Sport.kz

Қазақстандық спортшы Дамир Ысмағұлов UFC Vegas 76 турнирінде жекпе-жекте жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Tengri Sport Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Спорт кешінде жеңіл салмақ рейтингінде 12-ші орында тұрған Исмагулов американдық Грант Доусонмен кездесті. 

Жекпе-жек қорытындысы бойынша, төрешілердің шешімімен бірауыздан Доусон жеңіске жетті. 

Енді UFC-де Ысмағұловтың рекорды 5-2. MMA-да 24-3. Қазақстандық үшін өткен жекпе-жек UFC-мен аяқталатын келісімшарт бойынша соңғысы болды.

Бұған дейін Орынбор облысында туған Дамир Ысмағұлов «Матч ТВ» сұхбатында болашақта Қазақстан азаматтығын алуды жоспарлап отырғанын айтқан болатын.