Қытайда су тасқынынан тұрғындар эвакуацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

12 сағатта 280 миллиметр жаңбыр жауған

Қатты жауған нөсердің салдарынан Қытайдың Хунань өңірінде өзендер арнасынан асып, су тасыды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Егістер, тұрғын үйлер мен көшелерді су алып кетті. Жергілікті билік ескерту жариялап, құтқару жұмыстарына кірісіп кетті. 

Әсіресе Баоцзин ауданында жағдай күрделі. Мұнда 12 сағатта 280 миллиметр жаңбыр жауған. Бір мыңнан аса жергілікті тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.