15 шілдеден 8 тамызға дейін Астана әуежайында ұшу-қону жолағы жөнделеді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Астана әуежайының әкімшілігі мәлімдеді

Жолаушылардан 15 шілдеден 8 тамыз аралығында әуежайға ерте келіп тіркеуден алдын ала өту сұралады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Астана халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағына жыл сайынғы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жұмыстар 15 шілдеден 8 тамызға дейін (11:00-ден 18:00-ге дейін) өтеді. 15 шілдеден 8 тамыз аралығында жол жүруді жоспарласаңыз әуежайға ерте келіп тіркеуден алдын ала өтуіңіз сұралады, себебі ұшулардың жиілігіне байланысты кептеліс болуы ықтимал», - делінген хабарламада.

Әуежайдың баспасөз қызметі жолаушылардан ҰҚЖ жөндеуге түсіністікпен қарауды және билетті сатып алу кезінде жұмыстарды жүргізу мерзімін ескеруді сұрайды. Жөндеу жүргізу мерзімдері отандық авиакомпаниялармен келісілгенін және ұшуды қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесімен шартталғанын атап өту қажет.