Әлеуметтік кодексте жәрдемақылар мен төлемдерді белсенді тағайындау қарастырылған – Ақмәди Сарбасов

Azattyq Rýhy

Вице-министр құжаттың негізгі 5 новелласын егжей-тегжейлі айтып берді

Әлеуметтік кодексте жәрдемақылар мен төлемдерді белсенді тағайындау қарастырылған – Ақмәди Сарбасов

Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, Әлеуметтік кодексті әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибе мұқият зерделеніп, Еуроодақтың Әлеуметтік кодексі басшылыққа алынған. Сондай-ақ еліміздің өз ерекшеліктері жан-жақты ескерілген. Кодекс 5 бөлімнен, 22 тараудан және 267 баптан тұрады. Әлеуметтік кодекс аясында 9 заң күшін жойып, 50-ден астам заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.

Вице-министр құжаттың негізгі 5 новелласын егжей-тегжейлі айтып берді.

«Бірінші новелла – бұл мемлекеттік органдардың барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылатын Отбасының цифрлық картасы. Оны енгізудің басты мақсаты –  қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Сондықтан Кодексте біз ОЦК-ны әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіледік», - деді ол.

Оның сөзінше, ОЦК адамдарға SMS-хабарламалар жіберу арқылы мемлекеттік қолдаудың қандай түрін алуға құқылы екендігі туралы хабардар ететін электрондық жаршы құралы қызметін атқарады.

«Жәрдемақылар мен төлемдер ақпараттық жүйеде бар деректер негізінде проактивті форматта тағайындалады. Қолданыстағы қағаз құжаттар уақыт өте келе алынып тасталады», - деп Сарбасов.

Екінші жаңалығы – мемлекеттік қолдаудың жаңа парадигмасы. Ол алдымен әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу үшін атаулы шараларды, содан кейін ғана әлеуметтік тәуекелдердің салдарымен күресуге бағытталған атаулы көмекті көздейді. ОЦК деректерінің негізінде атаулы шараларды көрсетудің қажеттілігі анықталатын болады.

«Әлеуметтік кодексте балалары бар отбасыларға әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көзделген: бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімін 1,5 жасқа дейін ұзарту және атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған натуралды пакетті монетизациялау, «Алтын» немесе «Күміс алқамен» наградталған аналар деген жаңа статус беру, 7 және одан да көп бала тапқан әйелдерге жәрдемақыны өсіру», - деді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.