Іле-Балқаш резерватындағы өртті сөндіру үшін 100 тоннадан астам су төгілді
Өрт аумағы 100 гектарға дейін азайтылды
Іле-Балқаш резерватының аумағындағы қамыс өрті әлі сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті жерүсті тәсілімен және ТЖМ авиациясын тарта отырып сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
«Қазіргі уақытта су төгетін құрылғысы бар ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағымен 34 рет көлемі 100 тоннадан асатын су төгілді», - делінген ТЖД хабарламасында.
Бұған дейін өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдар бірлесе отырып, аумақта (кішігірім аралдарда және кірме жолдары жоқ жетуі қиын батпақты жерлерде) өрттің жану аумағын 100 га дейін азайтқанын мәлімдеген болатын.
«ТЖД және «Іле-Балқаш» МҰБ» РММ күштерімен қол шанц құралдары мен мотопомпаларды пайдалана отырып, жаяу жүре отырып 5-кварталда өрт сөндіру жүргізілуде. Сондай-ақ Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің өтуін болдырмас үшін орман шаруашылығы күштерімен жер жырту жүргізілуде. Елдімекендерге қауіп жоқ», - делінген хабарламада.
Өрт ошақтарын сөндіруге ТЖД және «Іле-Балқаш» МҰБ» РММ 70-ке жуық қызметкер және 34 бірлік техника жұмылдырылды.