Абай облысында жыл басынан бері жол апатынан 24 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Жыл басынан бері 51 жаяу жүргіншіні көлік қақты

Фото ашық дереккөзден

Абай облысында жыл басынан бері жол апатынан 24 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Абай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша биыл 145 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Соның салдарынан 24 адам көз жұмып, 201 адам жарақат алды. Жыл басынан бері 51 жаяу жүргіншіні көлік қақты.

«Семей қаласында көлік қағып кеткен 5 жаяу жүргінші мерт болған. Қайғылы оқиғалардың басты себебі – тұрғындардың жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуі және көліктердің жылдамдық режимін сақтамауы. Адамдар жолдан өтерде тіпті айналасына қарамай-ақ жүгіріп шығады. Жүргізуші көлік жылдамдығын тежеп үлгере алмай қалуы мүмкін», - делінген хабарламада.